- Басты
- Жаңалықтар
- Таңбалауды әлі де жетілдіру керек – Камал Әбілқасымова
Таңбалауды әлі де жетілдіру керек – Камал Әбілқасымова
«Нақты ауызша аудармаға келгенде латын әліпбиінің соншалықты әсері болмайды, алайда жазбаша тұрғыда айтарлықтай сезіледі деп ойлаймын. Әріптесім айтып кеткендей әріпті әріп ретінде қабылдау керек. Әрине көз ашқалы кирилицаны білген біздің халқымыз үшін латын әліпбиіне үйренуі оңайға соқпасы анық», - деді сөз басында Камал Әбілқасымова.
Бұдан басқа, жазушы таңбалауды әлі де жетілдірген жөн шығар деген ойымен бөлісті.
«Бүгін ғана ҚХА-да латын әліпбиіне көшу мәселесіне арнап арнайы кеңес өткіздік. Оған еліміздің барша жазушылары, сала мамандары, Ассамблея мүшелері қатысып талқыладық. Сонда мен өзім қазақтың жұртшылық деген сияқты сөздерін жазбаша жазып көруге тырыстық. Осы ретте, мүмкін таңбалауда әлі де жетілдіру керек шығар деген ойға келдім. Осы мәселені мына қасымда отырған орталықтың өкілі өздері назарға алса дер едім», - деп пікірін ашық білдірді жазушы.
Сонымен қатар, спикер журналистің «Сөйлеу кезінде төл тыбыстарымыздан айырылып қалмаймыз ба?» деген сұрағына жауап берді.
«Рас, бүгінде таңбалауға үйрене алмай жатырмыз. Алайда, бұл бір күнде латын әліпбиіне көшіп кетеміз деген сөз емес. Жалпы, Мемлекет басшысына латын әліпбиіне көшу туралы ұсыныс тәуілсіздік алған алғашқы жылы берілген. Алайда Президент әлі уақыт келмегендігін айтып, алайда болашақта латын әліпбиіне көшетінімізді жеткізген. Сонымен қатар, осыдан бес жыл бұрын Ұлт көшбасшысы қазақ тілін латын әліпбиіне көшетінін хабарлады. Ал, енді сол бес жыл өткеннен кейін міне осы мәселеге кірісіп отырмыз. Сондықтанда байбалам салмай ақылдаса отырып ілкімді істі іркілтпей іске асырған жөн», - деп түйіндеді Камал Әбілқасымова.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Парламентінде Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстырды.
Жоба бойынша қазақ әліпбиі 25 әріптен тұрады.
Мөлдір Асқар
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек