АЭА алаңдары 11 мың адамды жұмыспен қамтыды

16 Қыркүйек, 2017 10:34
Қазақстандағы АЭА-лардың алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі.

Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асырылдыы. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске қосылған.

АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды.

Бұдан басқа, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінен хабарлағандай, бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы  салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.

Барлық жаңалықтар