- Басты
- Жаңалықтар
- А.Перуашев: Латын әліпбиіне көшу - рухани отарсызданудың тура жолы
А.Перуашев: Латын әліпбиіне көшу - рухани отарсызданудың тура жолы
«Алдымен қазақ тілінің латын қарпіне көшу жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстарына зор алғысымды білдіремін. Латын қарпіне көшу жөніндегі шешімнің ұлттық мемлекетіміз бен қазақ ұлтының дамуында үлкен рөл атқаратындығына және дер кезінде қабылданғандығына сенемін. Енді кешігуге болмайды», - деді сөз басында Азат Перуашев.
Сонымен қатар, ол «Ақ жол» партиясы 2007 жылдан бері өзінің бағдарламалық құжаттарында, мәлімдемелерінде қазақ тілін латын қарпіне көшіруді жақтап бірнеше бастамалар көтергенін еске салды.
«Ол кезде бұл бәлкім ертерек болған шығар,ал, қазір оны кейінге қалдыруға болмайды. Кеше ерте болса, ертең кеш болады. Бұл біздің әлемдік өркениетке енуіміздің жаңа белесі. Бұл реформа - рухани отарсызданудың тура жолы!», - деп ағынан жарылды депутат.
Бүгінде қоғамда қазіқ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байланысты қызу пікір талас жүріп жатыр.
«Меніңше ол өте дұрыс. Себебі бұл халықтық талқылауға ұсынылған жоба. Қазіргі ұсынылып отырған нұсқадағы ерекше бір белгілер мен әріптерді қоспай-ақ әлемдік ақпарат кеңістігіндегі дайын символдарды ұсынған дайындаушылардың ниетін де түсінуге болады. Олардың ойы - әлемдік ақпарат кеңістігіне еш кедергісіз ену екені де түсінікті. Сонымен бірге қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері мен үндестігін, сұлулығын, шұрайын сақтап қалуға тиіс екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Оның түйткіл тұстарын қазақ тілін зерттеуші тіл мамандарының өздеріне тапсырып, олардың дұрыс жолды таңдайтынына сенгеніміз дұрыс», - деп толықтырды ол.
Сөз соңында халық қалаулысы қазақ тілінің әсем де көркем, бай тіл екеніне тоқталды.
«Тіл – ұлттық мінездің көрінісі. Қазіргі қазақ тілі ешқандай бұралаңды білмейтін өрліктің, табандылықтың, шешендіктің белгісі. Сұлу да сүбелі тіл. Қазақтың ұлы билерінің бірі Қазыбекті Қаздауысты деп тегін атамаған ғой. Бүгінгі мақсат біреу - түрлі ұсыныстарды ескере отырып, латын қарпіне көшудің ортақ нұсқасына келуіміз қажет. Одан соң, бір атаның балаларындай бірігіп, бүкіл халық болып қолдау, тарихи реформаны тоқтатпай әрі қарай қозғау – бәріміздің ортақ міндетіміз», - деп түйіндеді А.Перуашев.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары