- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында масштабты акция өткізілуде
Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында масштабты акция өткізілуде
Аталмыш шараның басты мақсаты: жастардың рухани жаңғыру принциптеріне деген қызығушылығын ояту.
Шараға жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары, танымал тұлғалар және меценаттар қатысты.
«Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ірі ауқымды «Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы басталады. Акция елорданың символы - «Бәйтерек» монументі алдында басталады. Оған 1000-нан астам белсенді қатысады. Бұл акция еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау табады. Сағат 12.00-де республиканың барлық облыс орталықтарында дәл осындай шара өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен өңірлердің әкімдерімен ұйымдастырылуда», - деді Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Асхат Оралов.
Сонымен, акция аясындағы 7 күн ішінде еліміздің барлық облыстық және аудандық орталықтарында, қалалар мен ауылдық округтерде “Білім”, “Асар”, “Тағзым”, “Өнер” атты 4 бағыт бойынша іс-шаралар кешені өтеді.
«Білім» - бағдарламалық мақаланы, Қазақстан және туған жер тарихын білу бойынша жаппай викторина, дебаттар.
“Асар” – мұқтаж жандарға, зейнеткерлерге, егде жастағы жалғызілікті адамдарға, балалар үйлеріне көмек қолын созу, балалар алаңдарын жөндеу және т.б.
“Тағзым” – тұрмыстық орындарды (су арналарын) жиыстыру және абаттандыру, ағаш отырғызу.
“Өнер” – барлық қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде түрлі қосалқы мәдениет өкілдерінің қатысуымен өтетін жастар фестивалі.
Атап айтқанда, Астана қаласында өтетін акцияға түрлі санаттағы жастардың 1000-нан астам өкілі қатысады. Олардың ішінде оқушылар, студенттер, еңбекші жастар, спорт және мәдениет өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары бар. Шара барысында жастар «Рухани Жаңғыру» сөздерін бейнелеп, сапқа тұрады, флешмоб өткізеді. Акция, сондай-ақ, музыкалық нөмірлермен және викториналармен жалғасып, олардың барысында жеңімпаздар «Рухани Жаңғыру» деген логотип бейнеленген және тақырыптық жазулары бар жүлделер мен футболкаларға ие болады.
Атап өтер болсақ, 22 қыркүйекте Маңғыстау облысының Ақтау қаласында акция өз мәресіне жетеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр