- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі мұнай секторын цифрландыру жоспарын жүзеге асыруда
ҚР Үкіметі мұнай секторын цифрландыру жоспарын жүзеге асыруда
Іс-шара аясында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ҚР Үкіметі тарапынан мұнайгаз саласын цифрландыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Өз кезегінде халықаралық компаниялардың өкілдері, Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциумының бас директоры Ренато Мароли, North Caspian Operating Company компаниясының директоры Бруно Жардэн, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Имир Боннер, «СНПС–Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь, сондай-ақ «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Беклиев өз кәсіпорындарын жаңғырту және өндіріске жаңа технологияларды енгізу бойынша жоспарларын айтты.
Өз сөзінде Бақытжан Сағынтаев базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырумен ұштасқан Экономиканы үшінші жаңғырту Үкіметке мұнай саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, әлеуетті жұмыстан босатылған қызметкерлер ағымын жұмыспен қамту және жобаларды іске асыруда жергілікті қамтуды арттыру үшін жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын халықаралық компанияларға жергілікті халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру, атап айтқанда өткізілетін тендерлерге жергілікті компаниялардың қолжетімділігін кеңейту, қазақстандық жұмыскерлерді өндіріске белсендірек тарту және олардың біліктілігін арттыру қажет екені айтып өтілді. Қазіргі уақытта шетел инвесторларының тарапынан мұндай жұмыс толық көлемде жүргізілмейді.
Жалпы бүгінгі таңда Қазақстан өз бюджетінің басым бөлігін мұнай секторы арқылы қалыптастыратыны атап өтілді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі осы саланы цифрландыру бойынша жоспарларды іске асырады, олардың негізгі бағыты Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс элементтерін жер-жерде енгізу болып табылады: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект және «үлкен мәліметтермен» алмасу, бұл барлық саланың еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алып келеді.
Үкімет бизнеспен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шараларының жоспарын әзірлеп жатыр, ол аталған шараларды жүйелі негізге қоюға мүмкіндік береді.
Оған қоса, жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру жұмыскерлерді әлеуетті жұмыстан босатумен байланысты. Осындай жағдайларды алдын ала болжай отырып, Үкімет әлеуетті жұмыстан босатылған жұмыскерлердің ағымын қабылдай алатын секторларды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, олардың ішінде сервистік экономика мен қарапайым заттар экономикасы, яғни мемлекет тарапынан сәйкес қолдау болған жағдайда жылдам өсудің ең көп әлеуеті бар салалар бар.
Бұдан өзге, кездесу барысында Қарашығанақ кен орнында өндіру деңгейін сақтау, «Теңізшевройл» ЖШС келешекте кеңейту жобалары және газ саласын технологиялық қайта жарақтандыру мәселелерін талқылады.
Іс-шшараға сондай-ақ мемлекеттік органдар, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр