- Басты
- Елордалық жылу жүйелер жылу маусымына дайын
Елордалық жылу жүйелер жылу маусымына дайын

«Біз жылыту маусымына дайындық бойынша бірнеше шараларды іске асырдық. Біріншіден, қаланың барлық магистральдерін тексердік. Бізде 13 сору стансасы бар, олардың 3-уі жаңа, жылыту маусымына толығымен дайын. Біз жөндеу жұмыстарын өткіздік, сору стансаларында электр жабдықтарын орнаттық. Бүгінде 26 шақырым жылу тас жолында күнделі инвестициялық жөндеу жұмыстары жүргіілуде. 24 шақырым іске асырылды және дайын, 2 шақырым қалды» – деді баспасөз туры барысында Василий Курисько.
Василий Куриськоның айтуныша, бүгінде акционерлік қоғамдастықтың балансында 800 шақырым жылу желісі мен 13 сору стансасы бар, олар қаланың барлық нысандарын жылумен қамтамасыз етуде.
Кәсіпорында бүгінде 720 кәсіби маман бар. Кәсіпорын басшысының сөзіне қарағанда, олардың барлығы сапалы жұмыс істейді. Мәселен, Республика даңғылында жылу тас жолында қайта қалпына келтіру жұмыстары іске асырылып жатыр, жұмыс аяқталуға жақын. Нысан 90 пайызға дайын. «Астана- Теплотранзит» АҚ төрағасы атап өткендей, жылыту маусымына барлық жұмыстар аяқталатын болады
«Бұл жылуту өткізу құбырының ұзындығы 1240 метр, ол Республика даңғылының бойында орналасқан. Бұл жерде жұмыс жаңа технологияларды қолдануға сәйкес жүргізілуде. Қолданып жатқан барлық өнім - отандық, жұмыстың сапасы бойынша біз техникалық бақылаумен келісім-шартқа отырдық», -деді «Астана- Теплотранзит» АҚ төрағасы.
Айта кеткен жөн, бұл нысан бекітілген тарифтік смета бойынша инвестициялық бағдарламаның аясында қайта қалпына келтірілуде. Биыл жылыту желілерінің қайта қалпына келтіріуіне мемлекеттен 1 млрд 8 млн теңге бөлінді.
2016 жылдың басынан «Астана- Теплотранзит» АҚ үшін бағдарламаны іске асырумен ұзақ мерзімге - 5 жылға шекті тариф бекітілген болатын. Бекітілген тариф сметасына сәйкес, бізде инвестициялық бағдарлама қарастырылған, оған сәйкес жылыту желілерінің қайта қалпына келтірілуі бекітілді. Олардың қайта қалпына келтірілуіне бөлінген сома: 1 млрд 40 млн теңге (2016 жылы) және 1 млрд 8 млн теңге (2017 жыл) – деді кәсіпорын басшысы.
Нысандардың жұмысы аяқталуға жақын.
«Регламент жұмыстарын, жуып-шаю, қысыммен тексеру сияқты жұмыстарды өткізу қалды, жылыту маусымына дейін бұл жұмыстар аяқталады», - деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана- Теплотранзит» АҚ 2016-2017 жж. екі инвестициялық жобаны іске асыруда.
-
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр
-
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда
-
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды
-
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі
-
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай
-
Ауылды елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту жөнінде мемлекеттік жоба дайындалмақ
-
Коронавирустың екінші толқыны: Үкімет дайындықты күшейтті
-
Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары қандай

