• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында 2014 жылы мал шаруашылығын дамыту бойынша екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қарағанды облысында 2014 жылы мал шаруашылығын дамыту бойынша екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

9 Қаңтар, 2014 10:10
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы мал шаруашылығының екі жобасын іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Қазіргі таңда 2014 жылға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Суықсу ауылындағы «Арғымақ» ШҚ мен Ақжар ауылындағы «Ұлан» ШҚ-да мал шаруашылығын дамыту жобалары жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Жалпы, Қарағанды облысының Индустрияландыру картасына Бұқар-Жырау ауданынан жалпы құны 7 млрд 814,8 млн теңгенің 6 жобасы енгізілді. Нәтижесінде 769 жаңа жұмыс орны ашылды.

Айта кету керек, аталмыш инвестициялық жобалардың іске асырылуы 2010-2013 жылдар аралығында 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Сәйкесінше жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі де артты.

«Сау тағамдар» ЖШС «Құс фабрикасы құрылысы» жобасын іске асырылуда. Жобаның жалпы құны 2 млрд 153 млн теңгені құрайды, ондағы жаңадан ашылған жұмыс орны саны 180-ді құрайды.

 

 

Барлық жаңалықтар