- Басты
- Жаңалықтар
- «Рухани жаңғыру» ақпараттық порталы өз жұмысын бастады
«Рухани жаңғыру» ақпараттық порталы өз жұмысын бастады
Е. Кочетов хабарлағандай, «Рухани жаңғыру» ресми интернет-ресурсы бағдарламалық мақаланың әрқайсысы бойынша алты негізгі блокты қамтиды.
«Алты бөлімнің барлығы да Елбасының бағдарламалық мақаласына арналған, бұл «Туған жер», «Қазіргі қазақ мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «Тіл әліпбиінің латын графикасына көшуі» «100 жаңа есім» және «Киелі жерлер географиясы». Басты бетте бағдарламалық мақаланың сипаттамасы және Елбасының мақаладан алынған сөздері орналасқан. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша барлық жаңалықтар көрсетіледі, сондай-ақ негізгі оқиғалар күнтізбесі бар», - деді Е. Кочетов.
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасын іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындыларына негізгі көңіл бөлінген. Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта EL.KZ порталының редакциясы 100esim.kz сайтында 2000-ға жуық өтінімді өңдеп, орналастырған. Екінші кезеңде жұмысқа арнайы құрылған жұмыс тобы қосылады. Бұл бөлім жаңа сайтта да бар екенін айта кеткен жөн.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бөлімінде осы бағыттағы жаңалықтар және киелі жерлер картасы ұсынылады. Қазіргі уақытта онда 100 киелі жер көрсетілген.
«Туған жер» бөлімінде «Туған жер» бағытындағы оқиғалар көрсетілетін жаңалықтар ұсынылады. Сондай-ақ бөлімде бірнеше кезеңмен іске асырылатын әлеуметтік жобалар картасы бар. Қазіргі уақытта картада іске асырылу кезеңіндегі немесе материалдық немесе материалдық емес қолдауды қажет ететін әлеуметтік жобалар көрсетілген.
«Қазіргі қазақ мәдениеті» бөлімінде еліміздің мәдени жетістіктері қамтылады. Мұнда опералардан алынған бейнероликтер, танымал қазақстандық суретшілердің туындылары ұсынылады. «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ мәдениеті» жобасын іске асыру 2 кезеңнен тұрады.
"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" бағыты бойынша порталда аударылған кітаптардың толық нұсқалары ұсынылады. Жобаны іске асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымы құрылған.
Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі жөніндегі жоба да «Рухани жаңғыру» сайтында көрсетіледі. Жаңа әліпбиді талқылау аясында ұсыныстар қалдыруға мүмкіндік бар.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген