Латын әліпбиі жастарға ағылшын тілін үйренуге көмектеседі - ақмолалықтар

15 Қыркүйек, 2017 14:43
Ақмолалық қоғам өкілдері қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдады.

«Алдағы ортақ істің бар жауапкершілігін ескере отыра, біз сіздерді латын графикасына көшу жолындағы өз пікірлеріңізді білдіруге шақырдық», – деді облыс әкімі Мәлік Мырзалин.

Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екенін атап өтті. 

«Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы және ғылым мен техниканың ең заманауи жетістіктеріне қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұдан бөлек, бұл қазақ тілін үйрену процесін едәуір жеңілдетіп, шет тілдерін жақсы меңгеруге, оны әлемде ілгерілетуге ықпал етеді», - деді ол.

Соңында форумға қатысушылар қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі бастаманы қолдайтындарын айтты. 

«Латын әліпбиіне көшу - бұл Қазақстанның әлемдік қоғаммен жақындасуы. Жас буын қазақ тілін латын графикасында зерттей отыра, ағылшын тілін де жылдам үйренеді. Шетелдіктер де қазақ тілін оңай меңгере алады.  Бұл Қазақстанның жаһандық ақпараттық кеңістікке интеграциясы. Біздің барлық цифрлық ресурстарымыз, мәдени мұрамыз әлемдегі латын әліпбиінің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді болады», – делінген хабарлама мәтінінде.

 
Барлық жаңалықтар