- Басты
- Жаңалықтар
- 31 астаналық түлек әкімнің білім грантына ие болды
31 астаналық түлек әкімнің білім грантына ие болды
Әсет Исекешев түлектерді «әкімнің білім грантына» ие болуларымен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Астанада жыл сайын тұл жетімдер, мүгедектер мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, ата-ананың қамқорынсыз қалған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жаңа оқу жылына 48 өтініш қабылданды, оның ішінде 17 адам республикалық грант бойынша өтті, ал қалған өтініштер ағымдағы жылдың 23 тамызында өткен комиссияның кезекті отырысында қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша 16 139 500 теңгеге 31 грант бөлу жөнінде шешім қабылданды.
«Әкімнің білім гранттары» елорданың еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға бөлінуде. Оның ішінде техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар басымдыққа ие.
Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жоғары оқу орындарының басшыларымен бірлесе отырып студенттердің үлгерімі бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізіп тұрады.
Бұл бағдаралама бойынша оқу арқылы 300 студент диплом алып, маман атанды, олардың ішінде 27 түлек оқуын осы жылы бітірді.
Қазіргі уақытта келесі жоғары оқу орындарында 68 студент өз білімдерін жалғастыруда: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті -32 студент, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – 14 студент, Медициналық университет – 7 студент, Қазақ технология және бизнес университеті – 1 студент, Еуразия гуманитарлық институты – 14 студент.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді