• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарқаралыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялық оңалту орталығы ашылады

Қарқаралыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялық оңалту орталығы ашылады

15 Қыркүйек, 2017 15:57
Қарқаралыда осы жылы жаңа оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим Галиуллин Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Орталық Қарқаралыда ашылады. Оның ең басты басымдылығы мүмкіндігі шектеулі жандардың психикалық тұрақтылығын жоғарылату бойынша әлеуметтік-медициналық көмекке бағытталатын болады. 

Қарағанды облысы әкімдігінен хабарлағандай, онда барлығы 64 науқас орналастырыла алады, оның 15-і арбаға таңылғандар болады. Оларға терапевтік, неврологиялық, ортопедиялық және травмотологиялық көмек көрсетіледі. Орталық үшін физиотерапевтік және механотерапевтік жабдықтар алынады, емдік дене шынықтыру және су процедураларын, саз ванналарын өткізетін, саунасы бар кабинеттер жасалады. 

Оңалту орталығына жазылу осы жылдың басынан бастап ашылды. Әзірге оған 25 адам жазылған. 

«Керемет кезек жоқ. Бағдарламаны түсіндіру аясында біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға осы оңалту орталығында ем ала алатындары туралы айтқан болатынбыз» , - деді Максим Галиуллин.

Орталыққа түсу үшін жеке оңалту бағдарламасын алу керек. Ол үшін Медико-санитарлық сараптамадан анықтама қажет, сондай-ақ дәрігер кеңесі мен әлеуметтік қорғау қызметінен анықтама алу керек. Оңалту курсы екі аптадан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Науқастың дертіне байланысты анықталады. 
 

Барлық жаңалықтар