- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандылық мектептер энергия тиімділігін жоғарылату жобасы бойынша жаңғыртудан өтті
Қарағандылық мектептер энергия тиімділігін жоғарылату жобасы бойынша жаңғыртудан өтті
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, Қарағандының бес мектебі: Октябрь ауданындағы - №17, 82, Қазыбек би ауданындағы - №23, 66, 101 Халықаралық қайта қалыпқа келтіру және даму банкінің жалпы сомасы 317 млн теңгені құраған гранттарын ұтып алды. Қаражат «Қазақстанда энегрия тиімділігін жоғарылату» жобасы бойынша бөлінген. Байқауды Астана қаласындағы Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты өткізген болатын. Мектептерді энергоаудит бойынша іріктеген. Республика бойынша берілген жеті гранттың бесеуі Қарағандыға бұйырды.
Мектептерде шатырлар жөнделіп, термореттейтін жылу жүйесінің датчиктері және автоматтандырылған жылу бекеттері орнатылған, терезелер, есіктер және жарық жүйелері ауыстырылған. Сонымен қатар су құбырының шүмектері сенсорлық араластырғыштарға ауыстырылып, қас беттегі тетіктер бітелген.
«Экономикалық бәсекеге қабілеттілік, қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған ортаның тұрғысынан жоғарғы энергия жұмсалу еліміз үшін үлкен шығындар алып келеді. Осы жоба арқылы тиімді жаңғырту муниципалитетке көміртектің шығарылуының азаюына байланысты, ауаны тазартуға, сондай-ақ электр энергиясының шығындарын төмендету арқылы бюджетті үнемдеуге болатынын дәлелдегіміз келеді», - деді Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браун.
Жобаны жүзеге асыра отырып, 7000-нан астам мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне анағұрлым жайлы шарттар жасалғаны анықталған.
Қала әкімдігінде өткен кездесуде жоба қорытындыланып, энергия тиімділігі мәселелері талқыланды. Екі жақ келешекте ынтымақтастықты жалғастыруды жалғастырмақ.
Стратегиялық инвесторларды энегия тиімділік секторына жұмылдыру бойынша Үкіметтің бастамасын қолдай отырып жуырда келесі раунд жарияланған. Онда «МЖС - ЭҚКО» (энерго қызмет көрсету компаниялары) пилоттық үлгісі бойынша өтінімдер қарастырылған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары