• Басты
  • Жаңалықтар
  • "Стратегия" пікірталас клубының сарапшылары қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылайды

"Стратегия" пікірталас клубының сарапшылары қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылайды

15 Қыркүйек, 2017 11:56
"Стратегия" пікірталас клубы алаңында сарапшылар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылайды.

15 қыркүйекте сағат 17.00-де «Астана радиосы» эфирінде "Стратегия" пікірталас клубының кезекті бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз. 

11 қыркүйек күні Қазақстан Парламентінде Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстырды. Жоба бойынша қазақ әліпбиі 25 әріптен тұрады. 

Қазақстандықтардың осы жайында пікірі қандай? Латын әліпбиіне көшу қандай өзгерістер мен жақсартуларға әкеледі? Осы және басқа да сұрақтарға "Стратегия" пікірталас клубының алаңында білікті сарапшылар жауап береді. Бағдарламаның онлайн көрсетілімін Strategy2050.kz сайтынан және Facebook парақшасынан көруге болады. 

Модератор - «Strategy2050.kz» АА бас редакторы Дәулетхан Жиенқұлов.

Барлық жаңалықтар