- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада үздік деп танылған 20 әлеуметтік жоба таныстырылады
Астанада үздік деп танылған 20 әлеуметтік жоба таныстырылады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер бірлестіктері, жеке тұлғалар қатысады.
Аталған шараның мақсаты – қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.
Жалпы соңғы 5 жылда Үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш қабылданып, 114 әлеуметтік жоба жеңімпаз деп танылды.
Тиісті уақыт аралығында байқауға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен қаражат түрінде қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірлердегі қиын жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам азамат дер кезінде көмек алды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған шараға барлық азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтеді. Көрме нәтижесінде жылдың үздік әлеуметтік жобалары анықталатын болады.
Онлайн-дауыстар негізінде Қазақстан бойынша үздік 3 әлеуметтік жоба анықталады.
Дауыс берудің соңғы дерегіне сай келесі жобалар бәрінен бұрын қоғам назарына ілігіп отыр: «Жить вопреки» 5087 дауыс (Ақмола облысы), «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолайлы спорт түрімен айналысуға баулу» 5031 дауыс (Алматы облысы), «Ержүрек жандардың игі ісі» 2647 дауыс (Қарағанды облысы).
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген