• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалуда

Қазақстанда ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалуда

15 Қыркүйек, 2017 09:57
Астанада ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері басшыларының, ДДҰ, халық-тұрғындар саласындағы БҰҰ Қоры және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен ерте жастағы балаларды дамыту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алғашқы бағалау нәтижелері бойынша кеңес өтті.

ҚР ДСМ ақпараты бойынша, кездесуде ерте жастағы балаларды дамытуды бағалау, жетістіктер, негізгі мақсаттар мен практикалық ұсыныстар талқыланды.  Зерттеулер БҰҰ (ЭНИСЕФ) Қазақстандағы балалар қорының қолдауымен жүргізілді.

Тәуелсіз халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстандағы жүйелі деңгейде балаларды ерте дамыту саласындағы қол жеткізілген өзгерістерге жоғары баға берді. Елімізде қызметтерді және бағдарламаларды жетілдіру үшін көптеген күш жұмсалатыны атап өтілді. Нәтижесінде, ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалып отыр.

«Баланың ерте жасы – бұл әрбір бала үшін үлкен мүмкіндіктерге жету кезеңі, себебі жүктілік кезінде және өмірінің алғашқы жылдарында кейінгі сүретін өміріне қажетті денсаулығының және дамудың негізі қалыптасады», - деп халықаралық сарапшы Тамар Гоцадзе атап өтті.

Ерте жастағы балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін қазақстанда мониторинг жүйесін дамыту керек және денсаулық, білім беру, әлеуметтік қолдау және орталық және жергілікті деңгейлерде қорғау секторларының арасында көлденең өзара іс-қимылдарды жақсарту қажет.

«БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры әрбір баланың дені сау және толыққанды өмір сүруге құқығы бар деп есептейді. Бұл  үшін жүйені одан әрі дамыту үшін және ерте жастағы балаларды дамыту және олардың әл-ауқаты үшін сектораралық ынтымақтастықты жалғастыру үшін біз мемлекеттік бағдарламаларды бірлесіп бағалауды қолдаймыз»,- деп ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный атап өтті.

Кездесуге қатысушылар осындай бағалауларды жүйелі түрде өткізу қажеттілігін және халықаралық стандарттарға негізделген ерте жастағы балаларды дамыту саласындағы стартегиялар мен бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда басқарушылық әлеуетті дамытуды талқылады.

Қазақстанда ерте жастағы балаларға көрсетілетін қызметтерды бағалау 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларының аралығында Астана, Алматы қалаларында, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында 2010-2016 жылдарды қамтумен тәуелсіз халықаралық және ұлттық консультанттар өткізді. 

Барлық жаңалықтар