- Басты
- Жаңалықтар
- Kazakh Invest China-ASEAN Expo XIV көрмесінің ұйымдастырушыларынан екі премия алды
Kazakh Invest China-ASEAN Expo XIV көрмесінің ұйымдастырушыларынан екі премия алды
Көрме аясында Қазақстанның инвестициялық, экспорттық, транзиттік-көлік әлеуетін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мүмкіндіктерін таныстыру бойынша роуд-шоу өткізілді.
Айта кеткен жөн, Қазақстан «Экспо Қытай–АСЕАН» көрмесіне ынтымақтастық бойынша арнайы шақыртылған серіктес ретінде қатысып жатыр.
Сонымен қатар көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның ұлттық стендін ең жарқын стендтердің бірі ретінде атап өтті.
ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының губернаторы Чэнь У Kazakh Invest басшылығына «Экспо Қытай–АСЕАН» 14-ші көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «Инвестициялық ынтымақтастыққа үздік үлес» премияларын табыстады.
«Көрме аясында қазақстандық инвестициялық әлеует ұсынылды. Біз қытайлық компанияларға Қазақстанның әсіресе «Бір белдеу – Бір жол» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық шеңберіндегі мүмкіндіктерін көрсетеміз», — деді «Kazakh Invest» ҰК Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев.
Оның айтуынша, бағдарлама аясында 27 млрд долл сомасына 50-ден астам жоба іске асырылуда. Бұдан өзге, көрме алаңында әлеуетті инвест-келісімдер бойынша жаңа компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Kazakh Invest басшысы Beijing Silver Tiger International Investment Management басқарма төрағасы Цой Лунфэймен кездесу барысында бірлескен инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық орнату туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын айтты.
«Қор Қазақстан мен трансшекаралық ынтымақтастық аумағындағы жобаларға арнайы инвестицияларға арналады», — деп түсіндірді Мақсат Қабашев.
Оның айтуынша, қорға Қазақстанның 20-дан астам инвесторы қатысады. Kazakh Invest осы қорды басқаруға қатысады. Қор ағымдағы жылдың соңына дейін қалыптасады деп күтілуде. Қор жұмысының басты бағыттары жаңа технологиялар саласы, оның ішінде электронды коммерция және логистика саласындағы технологиялар болып айқындалды.
Оған қоса, «Экспо Қытай–АСЕАН» аясында 20 қазақстандық компанияның өкілдері қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығы, машина жасау және т. б. салаларда келіссөздер жүргізуде.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары