- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында спорт саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді
Павлодар облысында спорт саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді
Облыс әкімі аппараттық жиналыста аймақта спортты дамыту үшін нақты тұжырымдама қажет екендігі туралы айтты.
"Біз спорттың әрбір түрі бойынша нақты жоспар құруымыз керек. Қала тұрғындарының барлығының спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы керек. Ол үшін коммуналдық немесе жеке меншіктегі бос тұрған жайларды спорт залына немесе фитнес-клубқа айналдыру қажет. Қала ішіндегі бос учаскелерде шағын футбол алаңдарын, воркаут алаңшаларын орналастыру қажет. Бұл жұмыстарды атқару үшін бюджеттен қаржы сұрамай, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, «Мектебіме тағзым» жобасы, «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде жүргізуге болады", - деді Болат Бақауов.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыынң басшысы Марат Айдашев Павлодар қаласында олимпиадалық бассейн мен жеңіл атлетикаға арналған манеж салу туралы жоспарымен бөліскеннен кейін, аймақ басшысы облыста тағы қандай спорттық инфрақұрылым қажет екендігін сұрады.
"Бізге жабық футбол алаңы қажет. Павлодардағы жалғыз «Юность» манежі спорттық шаралардан босамайды. Бұл мәселені мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде шешу үшін біз мембраналық жабындысы бар ауданы 40Х20 жабық алаң салуды көздеп отырмыз", - деді Марат Айдашев.
Болат Бақауов манежді салуға қажетті орынды таңдап, жобаның аса қымбат болмауын тапсырды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын