- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
ШҚО әкімі ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
ШҚО әкімдігінде хабарлағандай, аймақ басшысы Рольф Мафаэльге облыстың өндіріс саласындағы әлеуеті туралы айтты. Бүгінде облыстағы ірі өнеркәсіп ошақтарының өнімі тек Қазақстанда емес, сонымен қатар әлем бойынша жоғары сұранысқа ие. «ҮМЗ» шығаратын отын көзі көрші Қытай, Ресей, сонымен қатар, Шығыс Еуропа елдеріне экспортталуда. Ал дүниежүзінде бериллий шығаратын зауыттар қатары үшеу, тантал өндіретін 5 зауыттың барын ескерсек, Шығыстың металлургия саласында алыптар қатарында екені даусыз.
"Біз бериллий, тантал өнімінің әлем бойынша 25-30 пайызын өндіреміз. Шығыс Қазақстанда металлургия саласы қарқынды түрде дамып келеді. Өлкеде полиметалл түрлерінің қоры жеткілікті. Алдағы таңда тағы бірқатар зауыттар мен комбинаттар бой көтереді", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Өз кезегінде Рольф Мафаэль Шығыс Қазақстан пен Германия арасындағы қарым-қатынас экономикалық, әлеуметтік, мәдени салалар бойынша тек нығая түсетініне сенім білдірді. Германия елшісінің өңірге сапары апта соңына дейін жалғасады. Аймақтың белсенді жастарымен кездесіп, бірқатар тарихи маңызды нысандарды аралайды деп күтілуде.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар