- Басты
- 234 қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлады
234 қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлады

Қала күні қарсаңында жаңа шағын ауданнан кезекті көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Жаңа шағын ауданға әлі ат берілген жоқ, дегенмен бұл жерде 25 тұрғын үй бой көтерді, жақын арада мектеп пен балабақшаның құрылысы басталады.
Қала үшін биылғы жылдың басты жаңалығы - Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жаңа қала құрылысының басталуы. Бүгінде сол жағалауда 18 көпқабатты тұрғын үйдің, 320 орындық балабақшаның, жастар орталығының, "Болашақ" университеті кампусының, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің бұрынғы ғимаратының сызбасы негізінде аймақтың рухани жаңғыру орталығының құрылыстары қарқынды жүруде. 1925 жылы Қызылорда астана болып тұрған шақта осы ғимаратта тарихи шешім қабылданып, ұлтымыз "қазақ" деп аталған.
"Құрылыстың қарқыны жағынан біз Астанадан кейінгі орындамыз, Алматымен деңгейлес, ал республика бойынша алдыңғы бестікке кіреміз. Өткен жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарламамен 63 көпқабатты үй салынса, Қызылордада 80 үй салынды. Осының барлығы құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі, халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында мүмкін болып отыр", - деп атап өтті жаңа қоныс иелерін құттықтаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Бүгінде Қызылордада құрылыс қарқыны өте жоғары, соның ішінде тұрғын үй құрылысы. Облыс орталығында соңғы 4 жылда 11 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам тұрғын баспаналы болды. Аймақтағы құрылыс көлемі 3,5 есеге, облыс орталығында құрылыс 8 есеге ұлғайды. Жыл басынан бері 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүруде, бүгінгі күні олардың 23-і пайдалануға берілді. Қалған 38-і жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.
-
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
-
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
«OTAUFEST» фестивалі: Жеңімпаз атанған жас отбасы әсерімен бөлісті
-
Отбасы күні: Ақпарат министрі мен қоғам белсенділері ұлттық тәрбие туралы сөйлесті
-
Отбасы беріктігі – мемлекет байлығы
-
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді
-
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы: жыл соңына дейін кімдер үй алады
-
ИНФОГРАФИКА: Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші қаншалықты артты
-
«Балалар үйде дегенмен, балалар – желіде» Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық, кибербуллинг мәселелері шешім тапты ма?
-
Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен үй алу қалай жүріп жатыр
-
Тұрғын үй құрылыс жинaқ банкінiң «Жас отбасы» бағдарламасының шарттары қандай
-
Мәжіліс депутаты: Індет әрбір отбасын айналып өткен жоқ
-
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
-
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді

