- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл аяғына дейін атыраулық 677 отбасы қоныс тойын тойлайды
Жыл аяғына дейін атыраулық 677 отбасы қоныс тойын тойлайды
2017 жылы Атырау облысында «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаржыландыруымен 40,5 мың ш.м тұрғын үй салынды. Жуықтағы үш айдың ішіне Атырау қаласында төрт 9 қабатты 72 –пәтерлі үй «Балықшы» тұрғын аумағында,екі 9 қабатты 72-пәтерлі үй Баймұханов көшесінде және «Тұлпар-2» тұрғын үй кешенінде пайдалануға беруді күтуде. Бүгінгі таңда жаңа салынған үйлердің ауласын абаттандыру мен инженерлік коммуникация жүргізу жұмыстары аяқталуда.
Барлығы 677 пәтер бөлінеді. Баспананың бір шаршы метрі ҚТҚЖБ салымшыларына 184 мың теңгеден аспайды.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев атап өткендей, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алынған үйлердің басты артықшылығы оның бағасы мен сатып алушы үшін ешқандай жоғалту тәуекелі жоқ.
«Атап айтқанда,әулетті сатып алушыларда баспананы салып жатқанда өздерінің қаражат жинақтарын жоғалтып алу тәуекелі жоқ, өйткені, «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғынжайларды нысан салынып болғасын және құрылыс салушылар келісім бойынша өз міндеттемелерін толықтай орындағаннан кейін пайдалануға беріп, өткізіледі. Инвестициялау келісімшарттарында құрылыстың аяқталу мен Қоғамға дайын пәтерлерді берудің нақты мерзімі белгіленеді,сонымен қатар,құрылыс салушылар мерзімінде аяқтамайтын болса,айыппұл санкциясы бар» ,- деп түсіндірді А.Өсербаев.
ТҚЖБ салымшыларының арасында бөлінбей қалған үйлер, ЖАО кезектегілеріне алдымен жалға алып сосын сатып алу тәсілімен өткізілетін болады.
Еске сала кетейік, «Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы –«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының, жалға беру және несиелік құрылысты қаржыландыру тәсілі бойынша операторлардың бірі болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі