2013 жылы Алматы облысында 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

9 Қаңтар, 2014 09:07
2013 жылы Алматы облысында 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Тек 2013 жылдың өзінде ғана тұрғын үй құрылысына 4 млрд теңге бөлініп, 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Өткен жылы 210 пәтерлі 4 тұрғын үй халықтың игілігіне ұсынылды. Атап айтар болсақ, олар «Қаратал» шағын ауданы Желтоқсан көшесіндегі 50 пәтерлі коммуналды үйлер мен «Жастар» спорт кешені маңайындағы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» тарапынан салынған 2 тұрғын үй.

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында Талдықорған қаласында 120 жас отбасы баспаналы болды.

Жалпы, облыста «Жас отбасы» бағыты бойынша тұрғын үй-жинақ жүйесі арқылы 2606 пәтерлік 52 үй салу жоспарланған.

 

 

Барлық жаңалықтар