- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО Сайрам ауданында 700 тоннадан астам сүт өнімі өндірілді
ОҚО Сайрам ауданында 700 тоннадан астам сүт өнімі өндірілді
ОҚО баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде 725 тонна сүт өнімдері, 51596 тонна ұн, 60 тонна шұжық өнімдері мен 720,4 мың литр өзге де алкогольсіз сусындар өндірілген.
Осындай тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорынның бірі сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіретін 2007 жылы іске қосылған «Компания Натур Продукт» ЖШС. Кәсіпорын бүгінгі таңда қарқынды даму үстінде. Өндірісте «Хан» сауда маркасымен сүт өнімдері: айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май шығарылады. Серіктестік Ақбұлақ ауылында орналасқан. Тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге қауқарлы өндіріс орында 32 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 2016 жылдың қорытындысымен өндірісте 108,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 19,2 млн теңге салық төлеген. Ал ағымдағы жылдың жеті айында 71 млн теңгенің өнімі өндірілген.
Кәсіпорынға «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдейтін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.
Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мақсатында Ақсу ауылында тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда