- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында ауылдық кәсіпкерлердің 480 жобасына несие берілді
Ақтөбе облысында ауылдық кәсіпкерлердің 480 жобасына несие берілді
Биылғы жылдың сегіз айы ішінде ШОБ-тің 670-тен астам субъектісі, сонымен қатар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін өзі еңбекпен қамтығандар қолдауға ие болды. Соның ішінде ауылдықтардың жалпы құны 2,1 млрд теңге болатын 480-нен аса жобасы несиелендірілді.
Кәсіпкерлік басқармасы Даму қорымен және серіктес банктермен бірігіп, үш ай бойы апта сайын бағдрламаның әлеуетті қатысушыларына кеңестер беріп, тәжірибелік көмектер көрсете отыра «Ашық есік күндерін» өткізуде.
«Qazaq Food Group» ЖШС өзінің «Гармония» брендімен күніне екі тонна қуаттылықпен ұн және кондитер өнімдерін шығарады. Компания өнімдері Ақтөбе қаласы мен облыс базарларында ұсынылды. 2017 жылы компания ұн және кондитер өнімдерін шығаратын конвейерлік типті жабдықты сатып алып, іске қосты. Осы мақсатта, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дан жылдық 7% мөлшерінде алынған несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілді, сонымен қатар, Даму қорының кепілдігі ұсынылды. 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда компания өз қызметін қуаттылығы айына 150 тонна болатын «Кондитер фабрикасы» атты ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолымен, кондитер өнімдерінің толық сапын шығара отыра кеңейтуді жоспарлауда.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар