- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерістен өтті
Ақмола облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерістен өтті
Аймақтық коммуникация қызметі хабарлағандай, өз сапарын В. Крылов аудандық орталық аурухананы аралаудан бастады. Аурухананың тыныс тіршілігімен танысқан ол ағымдағы жағдайға, шешімін таппаған проблемалар мен жылу маусымына дайындыққа ерекше көңіл бөлді.
Сондан соң, облыс әкімінің орынбасары Балқаш ауылындағы 18 пәтерлі үй мен 200 орынға есептелген мектептің құрылысымен танысты. Тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 105,2 млн теңге бөлінді. Ал, бас мердігер Көкшетау қаласынан келген «Строй центр Кокшетау»ЖШС. Үйдің ғимараты үш қабатты, 6 бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі үйлер бар, жалпы ауданы – 1066, 2 шаршы метр. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 2017 жылы 184,2 млн теңге бөлінді. Жалпы, жобаның сметалық құны 510,8 млн теңге.
Мердігермен кездескен В. Крылов жұмыс барысындағы кемшіліктерді көрсетіп, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды.
Бұдан басқа, ол орталық қазандықтың жұмысымен және құрылысы 2014 жылы басталған Балқаш ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.
Сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов құрылыс нысандарының сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері