Н.Назарбаев қыркүйекте Өзбекстан мен Түркменстанға барады

13 Қыркүйек, 2017 17:29
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйекте Өзбекстан мен Түркменстанға сапармен барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен,  2017 жылдың 16 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Ташкентте Шавкат Мирзиеевпен кездесуі күтілуде, оның аясында екіжақты қарым-қатынастың одан ары дамуы талқыланады. Сонымен қатар, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ – өзбек бизнес-форумына қатысуы жоспарлануда.

2017 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Түркменстанға барады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ашхабадта өтетін V Азия ойындарын тамашалауға барады деп күтілуде. 

Барлық жаңалықтар