- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды
ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды
«2014 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Осы күні әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ, парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдарының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру жұмысын үйлестіру мен жеке құрамның іс-қимылдардағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіретін болады», - делінген хабарламада.
«Кәсіпқой маман – армия негізі» деген жауынгерлік ұранмен өтетін биылғы жылдың ерекшелігі, оқу жылы бұрнағы жылдардағыдай қысқы және жазғы болып екіге бөлінбейді. Қаңтар айында жалауын көтерген жауынгерлік оқу жылы қазан айының аяғында мәреге жетеді. Сонымен қатар, Қарулы Күштердегі дербес құрамалар жаңа бағдарламаны меңгеретін болады. «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшыларының басшылығымен биылғы жылы бес бірдей бригадалық оқу-жаттығулары өткізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері