- Басты
- Жаңалықтар
- ЕО Қазақстанмен қарым-қатынастың жаңа стратегиясын әзірлеуде
ЕО Қазақстанмен қарым-қатынастың жаңа стратегиясын әзірлеуде
«ЕО Кеңесіндегі эстондық өкілдік пен Германияның Федералды сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Брюссельде "Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша стратегиясына 10 жыл" атты тақырыпта өткен халықаралық конференцияның негізгі арқауы осындай», - деп хабарлады ҚР СІМ.
Конференцияға қатысушы тараптар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайтуға қатысты қызығушылық танытты.
Конференцияға Қазақстан атынан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина қатысты.
Қатысушылар ЕО-ның ОА бойынша Стратегиясы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. 2019 жылдың соңына дейін жаңа геосаяси шындықтарды, өзгеріп жатқан қажеттіліктерді және Орталық Азиядағы мүмкіндіктерді ескере отыра, жаңа Стратегия әзірлеу күн тәртібінің анағұрлым маңызды тармағына айналды.
Еуроодақ өкілдері біздің өңірмен ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақтың жаһандық стратегиясында маңызды орын алатынын атап өтті.
«ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы ұзақ мерзімді әріптестіктің берік негізін қалады және ЕО мен ОА арасындағы қарым-қатынастың едәуір нығаюына әкелді», – деп мәлім етті ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан.
Р. Василенко ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеу қажеттігіне баса назар аударды. Қазақстандық дипломат өңірдің экономикалық әлеуетін дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. З. Баймолдина Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық жүйе реформасының негізгі басымдықтары туралы айтып берді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру