- Басты
- Жаңалықтар
- Жопания Алматыда бастапқы кезеңде қатерлі ісікті анықтау бойынша диагностикалық орталық ашады
Жопания Алматыда бастапқы кезеңде қатерлі ісікті анықтау бойынша диагностикалық орталық ашады
К.Комацу өзінің сөзінде өз ұйымының басты миссиясы- жапондық медицина жетістіктерін экспортау екенін, Алматының орталық- азиялық өңірдің бастамасы ретінде таңдалғанын айтты.
«Біз Алматыда тек клиника ғана емес, обырды ерте анықтайтын диагностикалық орталық ашуды қалаймыз, сонда ғана оны емдеудің тиімділігі артады және құны төмендейді. Орталық ең озық технологиялармен жабдықталады. Қаржы инвестициясымен қоса технология трансферті де болады, біз үшін жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру маңызды әрі олар Жапонияда тәжірибеден өтеді», -деді «Medical Excellence Japan» вице- президенті.
Өз кезегінде, мегаполис әкімі күншығыс елі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында болат өнімдерін шығаратын «Tokyo Rope Almaty» зауытын ашқан еді. Индустриалды аймақта трансұлттық компанияның инженерлік жүйені қорғайтын өнімдер шығаратын екінші жоғарытехнологиялы зауытының құрылысы салынуда.
«Алматыда жапондық іскерлік клубының ашылуы аясында біз жобаға жан- жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Жапония жоғары технологиялы экономикасымен белгілі және оның кез-келген саласының өнімі өте сапалы. Алматыда өте маңызды клиника ашу жалпы медициналық қызмет сапасын арттырудың басты кепілі болумен қатар оңтүстік астанада медициналық туризмді дамытуға да ықпал етер еді», - деді Бауыржан Байбек.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және аталған жобаны жүзеге асырудың нақтылы жоспарын жасауға келісті.
Айта кетерлік жайт, Алматы мен Жапония арасындағы ынтымақтастық динамикалық тұрғыда нығая түсуде, билғы жылдың бірінші жартыжылдығында тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 84,9%-ға өсті, қалада 14 біріккен және 21 жапондық кәсіпорын тіркелген.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған