- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібі бекітілді
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібі бекітілді
Сонымен, Жер кодексінің келесі нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған:
1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;
4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді-мекендер маңындағы жайылымдардың
алаңдарын анықтау.
Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу
қарастырылады.
«Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің
және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады», - делінген ҚР АШМ хабарламасында.
Конкурстың жеңімпазын анықтайтын комиссия құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының 50 % астамын құрайды.
Конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып қатысушымен конкурстық ұсынымды беру болып табылады. Атап айтқанда:
- ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес-жоспары;
- шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру бойынша міндеттемелер;
- жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелер;
- өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егу алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша міндеттемелер.
Ведомстводан келесі талаптарды еске салды:
- еркін нысанда ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін нақты қолда бар қажетті ауыл шаруашылық механикалық құрылғыларын көрсете отырып жер учаскесін пайдалану бойынша
бизнес-жоспар немесе өндірістік бағдарлама және (немесе) оларды сатып алуға (жалға алу, қызмет көретуді сатып алу және тағы басқалар) шарттың көшірмесін (немесе ниет ету хаттамасын) ұсыну;
- білім туралы дипломның (ол болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек қызмету туралы және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс өтілі көрсетілген өмірбаян.
Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады