- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Жергілікті полицияға 143 қызметтік автокөлік табысталды (ФОТО)
ОҚО-да Жергілікті полицияға 143 қызметтік автокөлік табысталды (ФОТО)
Елбасының Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, бірқатар сала қызметкерлеріне автокөліктердің кілтін табыстады.
«Елбасының бастамасымен құрылған Жергілікті полиция қызметіне халықтың артар сенімі мол. Сондықтан, Сіздер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы міндеттерді табысты жүзеге асыру керексіздер. Жергілікті атқарушы билік пен полицияға ортақ міндеттер қойылып, көптеген жобалар бірлесіп іске асырылуда. Жергілікті билікпен көрсетілген қолдау, жергілікті полиция қызметі тарапынан құқық бұзушылықты азайтып, қоғамдық және жол тәртібі мен қауіпсіздігін сақтауға оң септігін тигізетін болады деп сенемін», - деді өңір басшысы.
Тәртіп сақшылары жаңа автокөліктерді азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтау мақсатында, қылмыстарды ашу, құқықбұзушыларды ұстау және облыс орталығы мен аудандарда көшелерді патрульдеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында пайдаланатын болады. Аталған «JAS S5» және LADA 21214-Нива» маркалы теміртұлпарлар Ұлт жоспарының 30-қадамына сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан жергілікті полицияның материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға қаралған 2,5 млрд теңге қаржы аясында алынып отыр.
Айта кету керек, саладағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда, облыста жалпы құқықбұзушылық 16 пайызға түссе, аса ауыр қылмыстар 4 пайызға, ауыр қылмыстар 15,6 пайызға кеміді. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстар 23 пайызға төмендеп отыр.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
Тәуелсіздік жылдарындағы мәслихат рөлі: Мәслихаттар саяси институт ретінде қалыптасты ма -
Алакөл жағалауындағы веложол мен автокөлік тұрағы пайдалануға беріледі -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)