- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық құс фабрикасы жылына 80 млн жұмыртқа шығаруды жоспарлауда
Жамбылдық құс фабрикасы жылына 80 млн жұмыртқа шығаруды жоспарлауда
Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлағандай, кәсіпорын жуырда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Жамбыл ауданында ашылған болатын. Бүгінде құс фабрикасы күніне 75 мың жұмыртқа шығару қуаттылығына ие.
Келесі жылдан бастап ресейлік және еуропалық технологиямен жылына 80 миллион дана жұмыртқаға дейін шығару жоспарлануда. Сапалы өнімге жергілікті нарықта сұраныс артып келеді. Иран мен Ауғанстан елдері де келісімшартқа отыруға ниетті.
Жамбыл ауданындағы құс фабрикасы мемлекеттік жобамен бір жарым ай бұрын іске қосылған. Мұнда асыл тұқымды тауықтар балапан кезінде жеткізіліп, қазіргі таңда жылына 330 күн бойы жұмыртқа беруде.
Сондай-ақ, құс фабрикасында голландтық технология қолданылады және Испаниядан алынған керекті құрал-жабдықтар қазан айының соңында іске қосылады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні 45 пайызы іске қосылып тұр.
Аталған жұмыртқа шығаратын фабрикада 40-қа жуық адам еңбекпен қамтылған. Кәсіпорында көбіне жергілікті тұрғындар жұмыс істейді, ал технолог және ветеринар мамандардың жетіспеуіне байланысты Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген.
Айта кетерлігі, кәсіпорында күніне 3 мыңға жуық жұмыртқа тартпасы шығады. Формасына қарай элиталы жұмыртқа, орташа санаттағы жұмыртқа және кіші жұмыртқа болып бөлінеді. Сынықтары бөлек сұрыпталып, дайын өнім қораптарға салынып жөнелтіледі.
Жалпы, жобаның құны 1 миллиард теңгеге жуық. Фабрика толық қуатта жұмыс істеуге шыққанда құс саны екі есе артады. Бұл күніне 210 мың дана жұмыртқа алуға мүмкіндік береді.
Қазір арнайы қорада Ресейден әкелінген 93 мың балапан өсіріліп жатыр.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды