Екібастұз полицейлеріне қызметтік көлік берілді

8 Қаңтар, 2014 18:32
Екібастұз тәртіп сақшыларына үш бірдей қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Отандық  жаңа «УАЗ» машиналары бейнебақылау камераларымен, GPS-навигация жүйелерімен және заманауи байланыс құрылғыларымен жабдықталған», - делінген хабарламада.

Бір машина полицияның № 12 учаскелік пунктіне берілсе, екіншісі қылмыстық полицияның мал ұрлығын ашу жөніндегі тобына, үшіншісі жол-патрульдік полицияға үйлестірілді.

Барлық жаңалықтар