• Басты
  • Бізді қазақстандықтардың Швейцариядағы энергияның тұрақты көздеріне деген қызығушылығы таңғалдырды – павильон комиссары (ВИДЕО)
13 Қыркүйек, 2017 10:12

Бізді қазақстандықтардың Швейцариядағы энергияның тұрақты көздеріне деген қызығушылығы таңғалдырды – павильон комиссары (ВИДЕО)

«Болашақ энергиясы» тақырыбын өзіндік тұрғыда түсіндіру барысында швейцариялық павильон ЭКСПО тәжірибесін оңтайлы пайдалана білді. Маусым мен қыркүйек айы аралығында швейцариялық павильон көптеген міндеттерді атқарды. Алайда басты мақсат Швейцариямен Қазақстан арасында жоғары тиімді байланыс орнату болды.
Бізді қазақстандықтардың Швейцариядағы энергияның тұрақты көздеріне деген қызығушылығы таңғалдырды – павильон комиссары (ВИДЕО)

Швейцариялық павильон «Гүлдер энергиясы» ұранымен тақырыптық және суретпен «Болашақ энергиясы» тақырыбына түсініктеме ұсынды. Швейцария мен Қазақстан арасында ғылыми, экономикалық және саяси байланысты халықаралық көрме барысында орнату аясында швейцариялық павильон екі елді байланыстыратын көпір болды.

Сонымен қатар, швейцариялық павильонның командасы ЭКСПО халықаралық қауымдастығының достығын нығайтуға септігін тигізді. Олар Таланттылар Шоуын, «Happy» өлеңіне флешмоб, ЭКСПО аумағында Парад өткізді.  Ал, көрменің жабылуы қарсаңында швейцариялық павильон Халықаралық көрмелер бюросы (Bureau International des Expositions) ұйымдастырған BIE Day Awards Ceremony беделді байқауға қатысты.  Сайыс барысында олар көрменің тақырыбын барынша жақсы ашқаны үшін алтын жүлдені жеңіп алды.  Бұдан басқа, Швейцариялық павильон беделді «EXHIBITOR Magazine» журналының «Үздік таныстырылым» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.

Жалпы, швейцариялық павильонда 50 адам жұмыс істеді, оның 32 Қазақстан азаматы. Сонымен қатар, көрмеге келушілердің шамамен 10%  павильонда болған. Жалпы, келушілердің мақсаты Швейцария туралы көптеп білу болды. Түрлі бағдарламалар арасында павильонға келушілер Картоп үйіне ерекше қызығушылық танытқан, онда үш ай бойы 61 380 астам рёшти (швейцариялық ұлттық тағамдардың бірі) порциясы берілген. Ал, балалар арасында «Миссия орындалады» бейне ойыны танымал болды. Көрменің соңына дейін ойын барлығы 30 184 рет ойналған.

«ЭКСПО көрмесінің нәтижесіне ризамыз. Бізді қазақстандықтардың Швейцариядағы энергияның тұрақты көздеріне деген қызығушылығы таңғалдырды», - деді швейцариялық павильонның комиссары Мануэль Залхли.

Жалпы, маусым мен қыркүйек айы аралығында швейцариялық павильон көптеген міндеттерді атқарды. Алайда басты мақсат Швейцариямен Қазақстан арасында жоғары тиімді байланыс орнату болды. Ширек ғасырдан астам уақыт экологиялық таза технологиялықты зерттеу мен инновация саласында жұмыс істеу арқылы Швейцария «Болашақ энергиясы» тақырыбының құрылуына айтарлықтай септігін тигізді.

Швейцариялық павильонның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі қызметіне белсенділікті негізгі ресми кездесулер берді: олар Швейцария Президенті мен Швейцарияның екі министрлерінің екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың  25-жылдығына орай кездесулері. Бұл екі ел арасындағы нәтижелі экономикалық байланыстың айғағы, оның үстіне Қазақстан Швейцарияның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктесі болып табылады.

Қайрат Жандыбаев

Видео Presence Switzerland 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды