- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Жапониямен Қазақстанды цифрландыру бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
Қ.Тоқаев Жапониямен Қазақстанды цифрландыру бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
Қ.Тоқаев екіжақты қатынастардың негізі мақсаттар мен құндылықтар ортақтығынан, сондай-ақ екі елдің көшбасшылары арасында орнаған сенімді үнқатысудан құралатынын атап өтті.
Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға қатысуды, сондай-ақ БҰҰ аясындағы «Жасыл» технологияларды дамыту жөніндегі орталықты қолдауды ұсынды.
Сенат басшысы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру жөніндегі жұмыстар туралы жапон делегациясын хабардар етті.
«ЭКСПО-2017 аясындағы Орталықтың қатысушыларына бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады, Астана халықаралық қаржы орталығында британ құқықтарының қағидаттарына негізделген сот жүйесі қызмет ететін болады. Осыған байланысты жапондық әріптестерді жаңа халықаралық қаржы құрылымының жұмысына атсалысуға шақырамыз», - деді Қ.Тоқаев.
Сенаттың баспасөз қфзметінен хабарлағандай, С.Иваи қазақстандықтарды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің табысты өтуімен құттықтады.
«Бұл тарихи оқиға. Көптеген елдер болашақтың энергия саласында білімімен және тәжірибесімен алмасудың тиімді мүмкіндігіне ие болды», - деді ол.
Қ.Тоқаев Қазақстанның парламентаралық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, жапон әріптестерін сапар алмасуды жиілетуге шақырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы