- Басты
- Үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдана бастады
Үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдана бастады

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.
Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады. Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.
Сыйлық мынадай номинациялар бойынша тағайындалады: «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт, «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт, «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт, «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт, «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт, «Білім бұлағы» — білім беретін үздік сайт, «Жастар әлемі» — жастар тақырыбына арналған үздік сайт, «Аймақ айнасы» - үздік аймақтық сайт, «Балаларға базарлық» - балаларға арналған үздік сайт, «Ойын- сауық» - үздік ойын-сауық сайты.
Әрбір номинация бойынша жеңімпазға 385 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады. Байқау қорытындысы осы жылғы қараша айының соңында шығады.
Байқау жеңімпаздарын белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгер-журналистер мен байқау құрылтайшыларынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.
Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралап, жеңімпаздарды анықтайды.
Байқау ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сайттарынан танысуға болады.
Байқауға өтінімдер Мемлекеттік тілді дамыту қорының info@qazaq-found.kz электронды мекенжайына 2017 жылдың 11 қыркүйегінен 11 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.
-
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады
-
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды
-
СOVID-19: Әлем елдері карантин шараларын жеңілдете бастады
-
Алматы мектептері жаңа оқу жылын қалай бастады
-
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді
-
ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады
-
Қазақстандықтар 42500 теңге біржолғы төлемін ала бастады
-
Astana Hub 13 үздік стартап-жобаға тегін жолдама берді
-
ЖОО-ға түсу үшін онлайн тестілердің сертификаттары қабылданады

