- Басты
- Жаңалықтар
- Иорданиялық компания фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салады
Иорданиялық компания фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салады
Hikma Pharmaceuticals – базасы Лонданда орналасқан трансұлттық фармацевтикалық компания. Ол дәрілік препараттардың түпнұсқасы мен дженериктерді дайындап шығарады. 1978 жылы Иорданияның Амман қаласында кәсіпорынның негізі қаланған. Қазіргі уақытта Лондон қор биржасындағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады. Hikma-ның АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка сияқты 11 елде 29 зауыты 7 зерттеу орталығы бар. Компанияның фармацевтикалық өнімдері GMP стандартына сай келеді. Ал, өнім портфеліне 700-ге жуық дәрілік препарат кіреді.
2015 жылы компания «Алматы индустриялық аймағынан фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт құрылысын салу» инвестициялық жоба бойынша жұмыс істей бастады. Компания республика халқының барлық топтарының қажеттілігін қамту үшін дәрілік заттардың бағасын қолжетімді ету және Қазақстанның медициналық препараттар импортына тәуелділігін төмендету мақсатында жоғары сапалы фармацевтикалық өнім шығаратын болады.
Фармацевтикалық препараттар ассортиментіне жүрек-қан тамырлары препараттары, жалпы пайдаланылым антибиотиктері, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар, онкологиялық және басқа да дәрілік препараттар қосылатын болады.
Компания Алматы қаласындағы «Алматы» Индустриялық аймағынан жер учаскесін алып, «СҚ-Фармация» ЖШС-мен эксклюзивті негізде дәрілер шығарып, жеткізу жөнінде 10 жылдық келісім шартқа қол қойды. Қазіргі уақытта жер жұмыстары мен өндірісті жолға қою мәселелері пысықталуда. Жобаны толығымен шетелдік инвестор қаржыландырады.
«Бұл жоба Мемлекет басшысы жариялаған «Ұлт жоспары» аясында іске асырылып жатқанмен, біздің айрықша бақылауымызда болады», - деп атап өтті «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Astana Hub Қазақстан мен ТМД-дағы IT-компаниялары арасында байқау жариялады. Талаптары қандай -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
Жолдау-2020:Экономиканы қалыпқа келтіру үшін бөлінген қаржы қалай жұмсалады -
Astana Hub-тың қатысушы мәртебесін қалай алуға болады /қандай жеңілдіктері бар -
ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды