- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Қытай көлік саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіруде
Қазақстан және Қытай көлік саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіруде
Форум мен көрме аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек XinXin, CNCEC, China General Technology, TBEА, China Railway Engineering Group, Beijing Silver Tiger, Sany Group, Qinghai Desheng Soda сияқты бірқатар қытайлық ірі компания басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша іске асырылып жатқан жобалардың барысы, технологиялар, теміржол көлігі, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Форум жұмысы кезінде көлік және логистика саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөнінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров сөз сөйледі.
«2016 жылы теміржол көлігімен экспорттық-импорттық тасымал 5,1 млн. тоннаны құрап, 23%-ға артты. Автомобиль көлігімен 550 мың тонна жүк тасымалданды. Биылғы алғашқы жартыжылдықта да оң үрдіс байқалып отыр. Экспорттық-импорттық тасымал теміржол көлігімен 13%-ға, автомобиль көлігімен 46%-ға артты. Заманауи көлік-логистикалық жүйені қалыптастыруда өңірлік ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Сол үшін біз көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударамыз»,-деп атап өтті Ерлан Хаиров.
Соңғы 5 жылда Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік транзиттік тасымал 28 есеге артып, жылына 100 мың контейнерге көтерілді (2017 жылдың бірінші жартыжылдығында – 73 мың контейнер, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында - 36 мың контейнер).
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту 2020 жылға қарай контейнерлік тасымалды 2 млн контейнерге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді