- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда қолданбалы бакалавриат оқытылады
Қазақстанда қолданбалы бакалавриат оқытылады
Қолданбалы бакалавриаттың артықшылығы айқын – жоғары білікті мамандарды тәжірибеге бейімдеу арқылы дайындау болып табылады. Күтіліп отырғандай, төрт жыл бойы қолданбалы бакалавриат мамандығы бойынша оқыған студенттер жоғары білім деңгейінде теориялық дайындығы жоғары жақсы тәжірибесі мол маман болып шығады.
«Бүгін біз фин әріптестерімізбен энергетика, байланыс, көлік пен логистика бағыттары бойынша қолданбалы бакалавриат аясында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойдық. Қолданбалы бакалавр Қазақстанға не береді, бұл экономиканың басты төрт саласы көлік, байланыс, энергетика мен логистика үшін кіші инженерлік кадрларды дайындайды. Бұл мамандықтар сұранысқа ие және біз мамандарды аталмыш салалар бойынша Қазақстанның экономикасын одан ары дамыту үшін дайындайтын боламыз. Бүгінде біздің фин әріптестеріміз білім беру бағдарламасын даярлауда және 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледжімізде қолданбалы бакалавриат бойныша студенттерді оқытуды бастауды көздеп отырмыз», - деді «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК директоры Зулфухар Гаипов.
Өз кезегінде, Финляндияның JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің проректоры Хейкки Малинен аталмыш меморандум көлік пен логистика саласында жаңа жолдардың бетін ашуда және Қазақстан мен Финляндияның қарым-қатынасын одан ары нығайтуға өз септігін тигізуде, деп атап өтті.
«Қазіргі таңда біз жобаның қандай бөліктерден тұратынын талқылаудамыз, жақында қай бағытта жұмыс істейтінімізді нақты білетін боламыз. Біз үшін бұл келісім өте маңызды. Біз Қазақстанда осымен 5 жыл қатарынан жұмыс істеп келеміз және біздің түрлі салаларда 50 ден астам білім жобаларымыз бар. Жалпы, біздің жобалар көбіне денсаулық сақтау және білім саласында болатын, олар оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған болатын. Ал, аталмыш келісім бізге жаңа салаларда жол ашуда. Біз Қазақстанмен ынтымақтастығымыз одан ары жалғасатын болады деген сенімдеміз», - деді Х. Малинен.
Қолданбалы бакалавриат идеясы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша білікті атқарушыларды дайындау. Себебі ата-аналар техникумдар мен КТМ-дерге балаларын бергісі келмейді және олардың біліміне сенбейді.
Қайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады