- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да инновациялық әдіспен шағын су электр станциялары салынады
ОҚО-да инновациялық әдіспен шағын су электр станциялары салынады
ОҚО әкімдігінен хабарлағандай, қос тарап Оңтүстіктің таулы аймақтарында қуаттылығы 2МВт-қа дейінгі, контейнер типтес шағын су станцияларын салудың инновациялық пилоттық жобасын бірге құрмақ. Келісілген әріптестік бойынша осы жылдың қыркүйек айының өзінде мамандар станцияларды салуға және су жинау құрылғысы мен контейнерлерді орнатуға қолайлы орындарды анықтау үшін алғашқы техникалық іс-сапармен келеді деп жоспарлануда.
Контейнердегі шағын СЭС шығарумен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының «Атомэнергомаш» компаниясының құрамына кіретін Венгрияның Ganz Engineering and Energetics Machinery llc. (Ganz EEM) компаниясы айналысады. Шағын СЭС-терді тұрғындары электр желісіне қосылмаған аймақтарда қолдануға болады. Шағын СЭС турбинасы және басқару тетігі бар контейнерлер жеткізілген соң бір айдан кейін 1МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Айта кетейік, шағын СЭС қашықтықтан, спутникалық байланыс арқылы басқарылады. Қазір шағын СЭС-терді өзге елдерге экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстанның тау, өзендерінің мол әлеуетін ескерген тараптар алғашқы жоба аяқталған соң да әрі қарай бірге жұмыс істеп, ОҚО әкімдігінің қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мемлекеттің 100 пайыз қатысымен 2011 жылы құрылған. Компания іс-әрекетінің негізгі бағыты - тиімді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстағы активтер мен ресурстар әлеуетін жүзеге асыру, облыс, республика, жақын және алыс шетел нарығын барынша жүзеге асыруға негізделген.
Ал, «Росатом Орталық Азия» - «Росатомның» Орталық Азия аймағындағы өкілдігі. Кеңсе «Росатомның» әлемнің түрлі елдеріндегі халықаралық желісіне жатады. Аймақтық орталықтарды «Росатом халықаралық желісі» (РМС) компаниясы басқарады. РМС-тің негізгі тапсырмасы - мемлекеттік корпорацияның шетел нарығындағы іс-әрекетін қолдау, жаңа бизнес-мүмкіндіктерді іздеу, Ресей атом саласының өнімдері мен қызметін жаһандық нарықта ұсыну, тиімді бизнес-альянс құруда көмек көрсету, «Росатом» кәсіпорындарын маркетинг және ақпараттық қолдау болып табылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы