- Басты
- Киммо Тииликайнен: Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын (СҰХБАТ, ВИДЕО)
Киммо Тииликайнен: Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын (СҰХБАТ, ВИДЕО)

- Финляндия – әлемдегі суы таза ең жасыл ел. Осыған қалайша қол жеткіздіңіздер?
- Біріншіден, Астанаға сапарым, ЭКСПО павильондарын көру жақсы тәжірибе болды. Шынында да, Финляндия экология саласында көптеген көрсеткіштер бойынша бірінші орын алады. Осының барлығы көп күш салудың, зерттеулердің, экологиялық технологиялардың дамуының арқасында. Біз табиғи ресурстарды мониторингілеумен тұрақты айналысуға тырыстық, суды тазарту үшін технология түрлерін пайдаландық, ауаға зиянды тасталымдарды азайттық, таза жаңартылатын энергетикалық ресурстарды әзірледік. Бұл ұзақ жұмыстың нәтижесі.
- Финляндия жаңартылатын энергия көздерін пайдалануда алдыңғы орында және қазіргі уақытта сіздің еліңіз ЖЭК-ті 40%-ға пайдаланып келеді. Қай уақытта 100%-ға көшуді жоспарлап отырсыз?
- Біз келесі онжылдық ішінде шамамен 50% көрсеткішіне қол жеткіземіз. 100%-ға қол жеткізетінімізді білмеймін, алайда, Финляндия 2045 жылға дейін климатка әсер етпейтін елге айналады. Біз өнеркәсіптік кәсіпорындардан зиянды заттар тасталымдарын едәуір қысқарттық, сондай-ақ ауаға қалған тасталымдарды үйлестіру үшін ормандар отырғызумен айналысамыз.
- Ауыл шаруашылығы жайында айтып өтсеңіз, Финляндияда АӨК қалай дамуда?
- Финляндия ауыл шаруашылығының деңгейі белсенді әрі нәтижелі болып келетін солтүстік ел. Бізде табиғи жағдайлар қатты болғандықтан, жақсы агротехника әзірлеуге тура келеді, сондай-ақ мысалы, мал шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін мал азығын жақсарту қажет. Біз мал шаруашылығы өнімдерін шет елдерге экспорттаймыз.
- Қазақстанда «Атамекен» ұлттық палатасы бар, ол фермерлерді оқытумен айналысады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері де құрылуда. Фин фермерлері мемлекеттен қандай көмек алады?
- Финляндия Еуропалық Одақтың мүшесі. Бізде ортақ ауыл шаруашылығы саясаты бар және ол фермерлерге мемлекеттік көмек ұсынады. Біз өзіміздің зерттеу институттарымызбен тығыз ынтымақтастық жасаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында табысқа жеттік, агротехниканы дамытуға көп инвестиция салдық. Біздің фермерлеріміз жаңа білім алуға ашық. Мысалы, қазіргі уақытта олардың барлығы коммуникациялық және ақпараттық технологияларды пайдаланады.
- Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы бойынша көптеген мемлекеттік бағдарламалар, мысалы "Нұрлы жер" бағдарламасы іске асырылуда. Финляндияда осы бағыттағы жұмыстар қалай жүріп жатыр?
- Финляндиядағы тұрғын үй құрылысы деңгейі қазіргі уақытта өте жоғары. Құрылыс секторы бірнеше жыл бойы экономиканы жандандыруда маңызды орынға ие болды. Осы секторда біз көміртегі тасталымдарының көлемін барынша азайту үшін критерийлерді әзірлеуге тырысып жатырмыз. Яғни, біз құрылыстағы энергия тұтынуды қысқарту үшін бар күшімізді салып жатырмыз, құрылыста пайдаланылатын материалдар экологиялық деп санаймын. Әрине, энергия тиімділігі де жақсартылды. Финляндия БҰҰ аясында «Жасыл құрылыс» бағдарламасын іске асырады және біз көптеген халықаралық әріптестермен ынтымақтастық жасаймыз.
- Қазақстан мен Финляндияның қарым-қатынасы қандай, болашаққа қандай жоспарлары мен жобалары бар?
- Менің Қазақстанға сапарым жақсы өтті. Біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас биыл өте белсенді қалыптасты. Біздің президентіміз, министріміз Қазақстанға келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Осы жыл ішінде еліміздің төрт министрі Қазақстанда болып қайтты. Сондай-ақ Финляндияда да кездесулер өтті. Бізде Сауда және экономикалық даму жөніндегі мемлекетаралық комиссия бар, осы комиссия аясында 4 жұмыс тобын құрдық. Қазақстанға сапарым барысында біз өзара ынтымақтастықтың көптеген салаларын, соның ішінде агротехнология, энергияны пайдалану, су проблемалары, яғни менің әкімшілігімнің құзыретіне жататын салаларды қамтыдық. Осында менімен бірге келген бизнес-делегация кездесулердің нәтижесіне жоғары баға берді.
- Сіздің ойыңызша, Қазақстанға Финляндияның жетістіктеріне жақындау үшін не қажет?
- Бізде ортақ нәрселер көп деп ойлаймын. Біз бір-бірімізден көп нәрсені үйрендік. Финляндияның ынтымақтастық жасау тәсілі – ұзақ қарым-қатынас жасау үшін әріптестерді іздеу. Проблемаларды шешу бойынша анағұрлым тығыз бірлесіп жұмыс істеу үшін барлық негіз бар деп санаймын. Егер Финляндия және біздің сараптамамыз Қазақстанға алдағы онжылдықта даму міндеттеріне қол жеткізуге көмектессе, оған тек қуанышты боламыз.
- Астанада өткен ЭКСПО көрмесі туралы пікіріңіз қандай?
- Маған ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы өте ұнады, бұл өте маңызды, өзекті мәселе. Мен бірнеше павильонда болдым. Әр түрлі елдерде ЖЭК өндіру, зиянды заттар тасталымдарын қысқарту және Париж келісімін іске асыру бойынша көптеген пайдалы жұмыстар атқарылып жатқаны аса қуантады. Финляндия климаттың өзгеруін тоқтату жөніндегі жаһандық міндет бойынша өз жұмысын орындауға ниетті.
- Қазақстанға және еліміздің азаматтарына не тілер едіңіз?
- Қазақстандықтардың ынтымақтастықтың оң мүмкіндіктерін байқағаны қуантады. Біздің елдер арасында жақсы қарым-қатынас орнады, сондай-ақ, біз әр түрлі салалар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Енді практикаға кірісу қажет. Мен Қазақстанға келіп, еліңіздің көптеген өкілдерімен кездескеніме өте қуаныштымын.
- Сұхбатыңыз үшін рахмет!
Қайрат Жандыбаев
Видео Кенжетай Ақсейітов
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
-
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді
-
Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді

