- Басты
- Жаңалықтар
- Барлық қабылдау пункттері жаңа түсім астығын қабылдауға дайын - ҚР Үкіметі
Барлық қабылдау пункттері жаңа түсім астығын қабылдауға дайын - ҚР Үкіметі
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов қазіргі уақытта барлық өңірлерде астық жинау жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 11,6 млн га астық жиналды, орташа 12,6 ц/га түсімділікпен 14,7 млн тонна астық бастырылды. Астық жинау қарқындары өткен жылдың деңгейінен 2,5 млн га немесе 16% артық.
Жалпы Қазақстан бойынша дәнді дақылдар алқаптарының 76,7% жиналды. Негізгі егін егетін өңірлерде: Ақмола облысында — 3,5 млн тонна, Солтүстік Қазақстан облысында — 3,3 млн тонна, Қостанай облысында — 3,8 млн тонна астық жиналды.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында масақты дәнді дақылдарды жинау аяқталды, 1,4 млн тонна жиналды, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,5% артық.
Арпа жинау аяқталып қалды – бүгінгі таңда 1,8 млн га немесе алқаптардың 86%, 2,7 млн тонна жиналды. Майлы дақылдар бойынша астық жинау алқаптарының шамамен 24% жиналды, бұл өткен жылдың деңгейінен 10% артық, 1,2 млн тонна бастырылды. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көкөніс-бақша дақылдарын жинау жалғасуда, 76% жиналды, 3,1 млн тонна көкөніс-бақша дақылдары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 13% артық.
Астық жинау жұмыстарын ұйымдастырылған түрде жүргізу үшін өңірлер арзандатылған дизель отынының қажетті көлемімен қамтамасыз етілген. Барлық қабылдау пункттері жаңа түсім астығын қабылдауға дайын.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы астық қоймаларының рейтингін анықтау және тағайындау әдістемесі енгізілді. Биылдан бастап Азық-түлік корпорациясы сенімсіз рейтингке ие астық қабылдау кәсіпорындарымен жұмыс жасауды доғарады.
Бұдан өзге, астық сапасын арттыру үшін ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша қажетті шаралар қабылданды. Соның арқасында 3-ші сыныпты астық үлесі 76% құрайды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44% құрады, 25 және одан жоғары желімшемен — 47%, өткен жылы бұл мән 9% құрады.
Осылайша, бункерлік салмақтағы жалпы егін жинау 19,5 млн тоннаны құрайды. Ал негізгі егін егетін үш өңір бойынша шамамен 15 млн тонна жинау жоспарланған. Күтілетін сапаны ескере отырып, аталған көлемдер астықтың экспорттық әлеуетін 8 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өңірлердегі астық жинау науқанының ағымдағы жағдайы туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов баяндады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр