- Басты
- Жаңалықтар
- Кентау трансформаторлық зауыты 12 млрд теңге сомасына өнім шығарды
Кентау трансформаторлық зауыты 12 млрд теңге сомасына өнім шығарды
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырған 50 пайызға жоғары.
Электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта 10988 дана заттай тауар шығарған. Кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдеріне экспорттаған. Зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан теміржолы» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар.
Мұнда 1011 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Олардың көбі жастар. Кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді. Соның нәтижесінде, жұмыс өнімділігі артып, сапалы тауар шығарылуда.
Жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Кеңес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір жарамсыз. Сондықтан зауыт құрылғалы бері мұндағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланды. Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі