- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңақала ауданында таза ауыз сумен қамтамасыз етілу 70 пайыздан асады
Жаңақала ауданында таза ауыз сумен қамтамасыз етілу 70 пайыздан асады
БҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, Жаңақала ауданында су құбырын тарту, газдандыру және ауыл жолдарын жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің осы ауданға жұмыс сапары кезінде белгілі болды.
Өңір басшысы атап өткенндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес, халықтың әл-ауқатын, соның ішінде шалғайдағы елді мекендер тұрғындарының жағдайын жақсартуға ұдайы көңіл бөлінуде. Мысалы, Жаңақалада аудан орталығын қосқанда, сегіз ауыл сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Жаңақала мен Бөкей ордасы аудандары аралығында жатқан Құлшыққа ұзындығы 146 км су құбырын тарту үшін 2 млрд теңге қарастырылса, қазірдің өзінде соның 400 млн теңгесі түскелі отыр.
Бұл жұмысты қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді. Германиялық сорғылар орнатылатындықтан, мердігерлер ауыз су сапасы жоғары болады деп отыр.
Таза су биыл Пятимар, Бірлік, алдағы жылдың көктеміне дейін Мәстексай ауылдық округіне жетпекші. Оған қоса төрт ауылдық округ газдандырылып, 7 ауыл ішіндегі жолдар жөнделмек.
Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары облыс орталығынан шалғай жатқандықтан, жол жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінгенімен, әзірге бұған ешкім құлшыныс таныта қоймаған. Сондықтан жол құрылысы кәсіпорындары үшін мемлекеттік сатып алу байқауларының кейбір талаптарын өзгерту керек шығар, себебі қала мен алыс елді мекендегі жағдайдың екі түрлі екені белгілі. Қалай болғанда да, аталған аудандарда жол жөнделетін болады.
Облыс әкімі биылғы жобалар жүзеге асқан кезде өңірдегі елді мекендерді газдандыру 97 пайызға, таза ауыз сумен қамту 70 пайызға жететінін мәлім етті.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады