2014 жылы Шығыс Қазақстан облысында жаңа шипажайлар пайда болады

8 Қаңтар, 2014 17:45
2014 жылы ШҚО Қатон-Қарағай ауданында 140 млн теңгенің емдік шипажай құрылысын салып, халықтың игілігіне ұсыну жоспарланып отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы Қатон-Қарағай ауданының әкімі Дәурен Тілеубаевқа сілтеме жаай отырып.

«ШҚО Қатон-Қарағай ауданындағы «Екі Дос» ЖШС Ақшабақ, Жазаба, Маралды ауылдарында заманауи әлемдік талаптарға жауап беретін жаңа санаторий құрылысын салуды жоспарлап отыр. Аталмыш нысандардың салынуы өңірде жыл бойғы туризмді дамытуға мүмкіндік бермек», - делінген облыс акиматта.

Қатон-Қарағай ауданы әкімінің мәліметінше, туристік қызмет көрсетуді жақсарту үшін Үлкен Нарын ауылындағы ескі әуежай ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары бойынша құжаттар дайындалуда. Үлкен Нарын-Өскемен әуе қатынасын қалпына келтіру мен Астанаға тікелей рейс ашу көзделіп отыр.

Айта кету керек, 2013 жылы Қатон-Қарағай ауданына келіп дем алған туристер саны 13 мың адамға артқан. Ал туризм саласындағы қызмет көрсету құны 156,2 млн теңгені құрады.

 

 

Барлық жаңалықтар