- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанда 53 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Оңтүстік Қазақстанда 53 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Басқарма басшысы хабарлағандай, осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 38413 орын ды құрады.
«Мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде өңірде 4 584 адам техникалық және кәсіптік білім алып жатса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 9682 адам 89 мамандық бойынша жолданды», - деді ол.
Баяндамашыны тыңдаған әкім басқарма басшысына 15 мамандық бойынша қажеттілігіне сай, ауыл тұрғындарын оқытып, кәсіпке бейімдеуді тапсырды.
«Аталған 15 мамандық бойынша, яғни, токарь, темір ұстасы, ағаш ұстасы, электрші, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейім азаматтарды ауыл әкімдері тауып беруі керек. Бұл жоба нақты жүзеге асқанда азаматтар жұмыспен қамтылып, ауылдағы өмір сүру жағдайы қала өркениетіне бейімделер еді. Осылайша, ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтеретін боламыз»,-деді Ж.Түймебаев.
Ауыл тұрғындарының кәсіби мамандануынан бөлек, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында назардан тыс қалдырмаған аймақ басшысы әрбір аудан орталығы мен ауылдық округтерде ангар типті спорт алаңшаларын салу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол модульді спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жерге тағзым» аясында ел азаматтарын шақыру арқылы жүргізу керектігін еске салды.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аймақтағы елді мекендер мен көп қабатты үйлердің аулаларында жыл басынан бері 57 спорт алаңшалары пайдалануға берілсе, оның 20-ы демеушілер есебінен салынған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі