- Басты
- Жаңалықтар
- Хироши Танака: Қазақстан – жер бетіндегі соңғы жұмақ
Хироши Танака: Қазақстан – жер бетіндегі соңғы жұмақ
- Сіздің ойыңызша Қазақстанның мемқұрылымы қалай құрылған?
- Қазақстанның басқару құрылымы жақсы жасақталған, алайда қазақстандықтарда тәртіп жоқ. Сіздердің Президенттеріңіздің көзқарасы өте жақсы және ол өте жақсы ұлттық стратегиялармен шығады. Қазақстанды жақсы білгендіктен коммуникация лайықты деңгейде емес екенін айтқым келеді. Мысалы, ресейліктер мен украиналықтар бұл тұрғысында жылдамдықтарын жақсартты. Басшылық пен топтың арасында байланыс жақсы болуы керек, яғни басшы қолбасшы емес, дәнекер болуы тиіс. Ол жоғарыдан келіп түскен тапсырмаларды тобына түсінікті қылып жеткізіп, жұмысты ұйымдастыра білуі шарт. Алайда сіздердің өте мықты жақтарыңыз бар - ол зияткерлік әлеует. Ал, инновацияны зияткерлік мүмкіндіктерсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтанда болашақтың артынан үлгеру үшін белсендірек болу шарт.
- Рас, сіз дұрыс айттыңыз, біздің халқымыздың қамын ойлайтын ақылды Ұлт көшбасшымыз бар. Алайда бізде барлығы уақытылы, әрі дұрыс істеле бермейді. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін Қазақстанға не керек? Үкімет құрамын өзгерту керек пе, әлде бұл қазақтың бойына сіңіп кеткен менталитет пе? Нақты ұсыныстар бере аласыз ба?
- Бастысы сіздердің үкіметтеріңіз жобалық менеджмент Қазақстанды жақсы құзыреттіліктермен қамтамасыз етуде екенін түсінеді. Жалпы, жоба көшбасшысы қолбасшы емес, топтың жұмысын тиімді жүргізе алатын адам болуы керек. Қазақстанда жұмыс жүргізу барысында ұрпақтар арасында үлкен алшақтық бар екені белгілі. Жас ұрпақ елінің болашағы үшін жұмыс істеуі үшін оларды ынталандырған дұрыс.
-Қазақстанда 30-шы Дүниежүзілік конгрессті өткізе отырып, оған қандай баға берер едіңіз?
- Мен жарты күннен үш семинар өткіздім, осы ретте мен қатысушылардың қарым-қатынасы Әзірбайжан мен Украинада өткен шараларға қарағанда жақсы болғанын атап өткім келеді. Ресейде қатысушыларға мүлдем қызықсыз болды. Назарбаев университеті маған қаттты ұнады, архитектурасы өте қызықты ғимарат. Барлығы маған ұнады.
- Қазақстандықтардың болашағын қалай көресіздер және Қазақстанға бір сөзбен қандай сипаттама берер едіңіз?
- Қазақстан бір сөзбен айтқанда жер бетіндегі соңғы жұмақ. Бұл әлемде дамып келе жатқан азын-аулақ мемлекеттің бірі, оның өсім әлеуеті зор. Алайда оның үлкен проблемасы да бар – халқының саны өте аз. Ұлттық инновацияларға қол жеткізуде халқының саны, олардың сауаттылығы инновацияның негізі болып келеді. Мысалы, Украинада инженерлер мен ғалымдар шамадан көп және олар жұмыссыз қалуда. Ал, Азияда менің ойымша инновация тұрғысында филиппиндер бірінші орында. Осындай шетелдік мамандар Қазақстанға келіп өз тәжірибелерімен бөліскені жөн, олар бірге жұмыс істеп оларға жаңа есіктер ашылуы керек, себебі Қазақстан халқының саны бар болғаны 18 млн адам. Мен жапондық жастарға Қазақстанға келуге кеңес берер едім, әрине Астананың күрт өзгеретін ауа-райы ұнамауы мүмкін, алайда Алматы оларға ұнары сөзсіз.
- Сіз бір сөзбен «Қазақстан – жер бетіндегі соңғы жұмақ» дедіңіз, мұнымен нені айтқыңыз келді?
- Менің айтқым келгені Қазақстанның әлемдегі барша мемлекеттермен салыстырғанда әлеуеті зор, және солай бола бермек. Мен әлемнің 80 елінде болдым және де мұнай газ ресурстарын және жоғары дәрежедегі білімді есепке алғанда көбінің әлеуеті зор демес едім. Білім мен ақылды бір түнде таба алмайсын. Осы ретте, Президенттің мемлекеттік саясаты өте дұрыс, ол жастарын оқытып, оларды шетелге жібермекші. Оның үстіне қазақстандықтардың талғамы жоғары, сіздер жапондықтарға ұқсайсыздар, алайда олардың талғамы жоғары демес едім.
- Қазақстанда «Стратегия – 2050» бар, оның түпкі мақсаты әлемнің дамыған 30-елінің қатарына ену. Сіздің пайымыңызша біз қазақи жайбасарлығымызбен, сіздің сөзіңізбен айтқанда «жайлап» межелі мерзімде мақсатымызға жете аламыз ба немесе біздің үздік 20-ға ұмтылғанымыз жөн болар ма еді?
- Сіздердің 50%-ға жылдамдықтарыңызды арттыруға мүмкіндіктеріңіз бар, әрине егер қазақстандықтар өздерінің өмір сұру дағдысын өзгертіп, белсенді, тиімді және тәртіпті бола бастаса. Тәртіп ол уақытылы барлық міндетті орындауды білдіреді. Мысалы, Жапонияда сіз маңызды кездесуге 5 минутқа кешігіп қалсаңыз, онда сіз мұндай кездесуге енді ешқашан үміт арта алмайсыз. Бұл тұрғысында Қазақстан Сенегалдан жақсы, онда студенттер бір сағатқа кешігіп келуі мүмкін және бұл қалыпты жағдай, оның еш айыбы жоқ. Ал, Қазақстан - 70%-ға Азия және 30%-ға Еуропа, стратегиялық локацияларыңыз жақсы, сондықтанда Еуропа мен Азияның үздік жақтарын алып, оны жетілдіруге тырысу керек, сонда сендерде бәрі жақсы болады.
- Сіз қазақ тойлары туралы білмейсіз ғой, онда екі үш сағатқа кешігіп келеді.
- Сенегалдан да көп пе? Бастысы бұл тек тойларда болса болғаны, іскерлік кездесулерде емес.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді