- Басты
- Жаңалықтар
- Босния және Герцеговина екіжақты қатынасты нығайтуға мүдделі
Босния және Герцеговина екіжақты қатынасты нығайтуға мүдделі
Мәжіліс спикері екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 20 жыл толған және Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында өтіп жатқан кездесудің маңыздылығына тоқтала келіп, мәртебелі мейманның бұл жолғы сапары өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.
Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды әріптесі болып табылады. Н. Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап, Азия елдерімен, соның ішінде, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында ықпалдастықты күшейтуге ерекше назар аударып келе жатқанын айтты.
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 ғасырдағы технологиялық жаңалықтар, білім және инновациялық ғылым жарқын болашақтың кепілі. Сол үшін Қазақстан Президенті аталған Саммитті өткізу туралы бастама көтергенін алға тартқан Мәжіліс төрағасы маңызды шара ИЫҰ мүше-мемлекеттердің тамырластығын тереңдетуге тың серпін беретін болады деді.
Өз кезегінде Б. Изетбегович Қазақстанның технологиялық жоғары жетістіктері қызықтыратынын және екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға аса мүдделі екенін жеткізді.
Тараптар халықаралық және парламентаралық ынтымақтастық жайына да баса көңіл бөліп, заңнамалық тәжірибе алмасу жайын сөз етті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар