- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында дәнді дақылдарды бастыру көлемі 900 мың гектарға ұлғайған
Ақмола облысында дәнді дақылдарды бастыру көлемі 900 мың гектарға ұлғайған
Өз сөзінде ол қазіргі уақытта егін жинау науқаны аяқталуға жақын екенін атап өтті. Бүгінде егін жинауға 9 мың бірлік астық жинау комбайны тартылған, дәнді дақылдарды бастыру 3,3 млн га (77,2%) аумақта жүргізілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 900 мың гектарға артық.
«Облыстық АӨК ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі меморандум көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз еткенін атап өткен жөн. Қолайлы ауа райы жағдайларында дәнді дақылдарды жинауды оңтайлы мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді М. Балпан.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жинау науқанын белгіленген мерзімде аяқтау үшін орташа тәуліктік жұмысты ұлғайтуды тапсырды.
Ақмола облысының мұрағат қызметінің дамуы туралы мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мәрзия Тохаева айтып берді. Оның айтуынша, облыстың мемлекеттік мұрағатында 1 млн 355 мың мұрағат ісі сақталуда.
«Жарқайың және Еңбекшілдер аудандарының мемлекеттік мұрағаттарында дабыл орнатылса, Егіндікөл және Жарқайың аудандарының мемлекеттік мұрағаттарында автоматты өрт сөндіру орнатылған. Мұрағат мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Еңбекшілдер және Ерейментау аудандарында қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2017 жылға 15,0 млн теңге бөлінді», - деп баяндады ол.
Жиын барысында облыс әкімі мұрағат құжаттарын цифрлық форматқа ауыстыру жұмысын жандандыруды, сондай-ақ бір ай ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жаңа жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді