10 биатлоншы Сочидегі Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайды

8 Қаңтар, 2014 17:15
Биатлон бойынша 2014 жылы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі шықты, дүбірлі дода Сочи қаласында 6 мен 23 ақпан айында өтеді, деп ҚР Биатлон федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

« Ерлер және әйелдер құрамасына 5 спортшыдан енді», - делінген хабарламада.

Әйелдер құрамасын Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева, Алина Райкова, Галина Вишневская таныстырады. Ерлер командасында: Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик, Диас Кенешев и Александр Трифонов.

 

Барлық жаңалықтар