Алматыда жеңіл атлетикалық стадион ашылды

11 Қыркүйек, 2017 18:11
Алматыда жалпы ауданы 39 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жеңіл атлетикалық стадион ашылды.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, стадионда жеңіл атлетиканың барлық 47 түрі бойынша жаттығуларды өткізуге болады. 

Сондай-ақ стадионда 100, 400 метрге жүгіру жолдарынан басқа, көлемі 100х70 болатын жасанды футбол алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіру алаңдары, сондай-ақ табиғи шөп төсемі бар арнайы аймақтар бар.  

Спорт құрылыстары "солтүстік-оңтүстік" бағытын ескере отырып орналастырылған. Қызмет көрсетуге қолайлы болу үшін және өрт қауіпсіздігі мақсатында стадион аумағына автомобильге арналған төрт кіреберіс жол, сондай-ақ батыс және солтүстік жақтарынан жолаушылар қақпасы қарастырылған. Шығыс жағынан 300 орынға арналған заманауи трибуналар орнатылған. 

Барлық жаңалықтар